Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыртқы келбет - ішкі мәдениет» қыздар жиналысы
14
апрель
2026

«Сыртқы келбет - ішкі мәдениет» қыздар жиналысы

     2026 жылы сәуір айның 14 күні «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Сыртқы келбет - ішкі мәдениет» тақырыбында 6–7 сынып оқушы қыздарына арналған қыздар жиналысы өтті.  Жиналыстың мақсаты – жасөспірім қыздарға сыртқы келбет тазалығы мен ұқыптылығының маңызын түсіндіру, сонымен қатар ішкі мәдениетті, әдептілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағыт беру.

Жауапты тұлғалар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова А.Н., аға тәлімгер: Алмаз А.А., педаго - психолог Аскерова Е.Р. және мектеп мейірбикесі Сейданова Р.И.

Кездесу барысында төмендегі мәселелер қамтылды:

  1. Қыз балалардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар (тазалық, ұқыптылық, қарапайымдылық);

  2. Жеке бас гигиенасын сақтау ережелері;
  3. Мектепке сай киім үлгісі мен өзін-өзі ұстау мәдениеті;
  4. Ішкі мәдениет, әдептілік және адамгершілік құндылықтар;

     Іс-шара барысында оқушыларға сыртқы келбетті күту, жеке бас гигиенасы, киім үлгісінің жарасымдылығы туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, қыз баланың бойындағы ізеттілік, сыпайылық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық сияқты ішкі мәдениет белгілері кеңінен талқыланды. Жиналыс сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар тақырып бойынша пайдалы мәліметтер алып, өздерінің күнделікті өмірінде қолдануға қажетті тәрбиелік мәні зор кеңестерге қанықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: