30
март
2026
Педагогикалық ұжымдағы құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік
30 наурыз күні педагогикалық құрам арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және моральдық-адамгершілік қасиеттерді нығайтуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, педагогтардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында этикалық нормаларды сақтау, кәсіби әдептілік қағидаларын ұстану, педагог мәртебесіне сай жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Жиын барысында ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, әріптестер арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайту, қызметтік қарым-қатынаста мәдениеттілікті сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады. Құқықбұзушылықтың алдын алу, түрлі жағдаяттарда заң талаптарына сай әрекет ету жолдары бойынша түсіндірмелер беріліп, тәжірибелік ұсыныстар айтылды.
Педагогтар өз пікірлерімен бөлісіп, кәсіби қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, ұжымдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.
Алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулер жалғасын табады деп күтілуде.