02
март
2026
STOP-СТАЛКИНГ қалалық форумы өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен STOP-СТАЛКИНГ қалалық форумы өтті. Форумға мектеп педагог-психологтары: Наурызбаева Ә.С., Абизова М.Б., Аскерова Е.Р. қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, оқушылар арасында сталкингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.
Форум барысында профилактикалық жұмыстарды жетілдіру, тәуекел топтарымен жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.
Мұндай кәсіби алаңдар тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге және нақты іс-шаралар жоспарын айқындауға мүмкіндік береді.