12
апрель
2026
«Study in Kazakhstan» жоғары оқу орындарының фестивалі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Study in Kazakhstan» жоғары оқу орындарының фестивалі өтті.
Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген беделді жоғары оқу орындары қатысып, оқушыларымызға өз оқу бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат беріп, бағыт-бағдар көрсетті. Фестиваль барысында түрлі мамандықтар таныстырылып, кәсіби кеңесулер жүргізілді.
Оқушыларымыз өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша мәлімет алып, болашақтарына сенімді қадам жасауға мүмкіндік алды. Әрқайсысы өз таңдауын жасап, үлкен әсермен қайтты.
Бұл шара – жас түлектер үшін үлкен мүмкіндік пен маңызды тәжірибе болды деп сенеміз.
Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!