Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық іс-шарасы
12
март
2026

«Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық іс-шарасы

 2026 жылғы 15 наурыз күні мектепте Қайырымдылық күні мерекесіне орай «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және 1–11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Шара барысында оқушылар қайырымдылықтың маңызы туралы әңгімелеп, шағын көріністер мен өлеңдер оқыды. Сонымен қатар көмекке мұқтаж отбасыларға арналған киім-кешек, оқу құралдары және азық-түлік жинау акциясы өткізілді.

Жиналған заттар арнайы қораптарға салынып, мұқтаж отбасыларға табысталатын болды. Бұл акция оқушылардың бір-біріне деген қамқорлығын арттырып, жақсылық жасауға деген ынтасын күшейтті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға тәрбиелік мәні зор болды.

Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DV0EjhIjLQA/?utm_source=ig_web_copy_link

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: