8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау іс-шарасы өткізілді.
2026 жылғы 6 наурыз күні мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы және тәлімгер Алмаз А.А ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектептегі ұстаздар қауымын, үй - жай қызметкерлерді және қыз балаларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтау, оларға құрмет көрсету және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарға арнап жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, гүлдер мен ашықхаттар табысталып, мерекелік құттықтаулар айтылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп ұжымы тарапынан жақсы бағаланды. Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DVyMKjeDKtR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==