«Көркем сөз – көрікті ой» атты аналар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы
Мектепте қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Көркем сөз – көрікті ой» атты аналар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аналардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Мұқағали поэзиясын насихаттау, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сайыс барысында қатысушы аналар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтай отырып, сахналық мәдениетпен оқыды.