“PROF FORUM 2026”
SDU University-дің 30 жылдығына орай 2026 жылғы 7 ақпанда “PROF FORUM 2026” форумы өтті. Аталған іс-шараға 9–10–11-сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандық таңдауға қатысты құнды ақпарат алды. Форум барысында елімізге танымал спикерлер Омарбек Нұрбавлиев пен Айдос Жұманазар өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жеке кәсіби жолдары, жетістікке жету кезеңдері және кездескен қиындықтар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, заманауи профориентацияның ең тиімді құралдары мен жаңа трендтері таныстырылды.