Ағымдағы жылғы 1 ақпаннан педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » Ағымдағы жылғы 1 ақпаннан педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды
03
февраль
2021

Ағымдағы жылғы 1 ақпаннан педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды


   Ағымдағы жылғы 1 ақпаннан педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
11 мамырдағы № 192 және 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрықтарына
сәйкес қалада ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап педагог қызметкерлердің және білім беру ұйымдары басшыларының Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды.
Тестілеу «U-FUTUR» ЖШС-нің тестілеу Орталығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бекітілген кесте бойынша электронды форматта офлайн тәртібінде өткізілуде.
Тестілеу уақытында жауапты тұлғалардың және медициналық қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, тестілеу күндері жұмыскерлердің және тест тапсырушылардың денсаулық жағдайын қадағалау үшін фильтр қамтамасыз етілуде.
Шекті деңгейден өткен қатысушылар екінші кезеңге жіберіледі.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен тиісті біліктілік санатына сәйкес аттестатталушы педагогтерге лауазымдық айлықақыға келесі қосымша үстемақы төленеді: педагог-модераторға - 30 %; педагог-сарапшыға - 35 %; педагог-зерттеушіге - 40 %; педагог-шеберге - 50 %.
Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Білім басқармасына +77029412015 телефоны арқылы хабарласуыңызға немесе oko_17@mail.ru электрондық мекен-жайына сұрақтарыңызды жолдауға болады

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: