Қаңтардағы ҰБТ-2021: алғашқы күннің аралық қорытындысы » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » Қаңтардағы ҰБТ-2021: алғашқы күннің аралық қорытындысы
21
январь
2021

Қаңтардағы ҰБТ-2021: алғашқы күннің аралық қорытындысы

ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК

Қаңтардағы ҰБТ-2021: алғашқы күннің аралық қорытындысы
Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты, оның ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4 216 орыс тілінде тапсырды.
86 талапкер аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, тест нәтижелері жойылды.
ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 205 қатысушы 110-нан астам балл жинады.
Қаңтар айындағы ҰБТ барысында аудиториялардың сыйымдылығы 20-25%-ке пайдаланылды. Бірінші күні 143 пунктің 114-інде тестілеу өтті. Барлық аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, ата-аналар үшін бейнетрансляция қолжетімді.
Қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жарамды. Талапкерлер бір жылда тестілеуді 4 рет тапсыра алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміз бойынша кеше, 20 қаңтар күні басталды және 5 ақпанға дейін жалғасады.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: