Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды » Школа-гимназия 123
Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
19
январь
2021

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
📝Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді.
📝Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп жатыр. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.
📝ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар:
✅11 (12) сынып оқушылары;
✅өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер;
✅шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер.
⚠️Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады. Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: