Елімізде мектептерде жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » Елімізде мектептерде жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр
19
август
2020

Елімізде мектептерде жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр

Елімізде мектептерде жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр



 
Мектеп директорлары оқу жылы басталар алдында педагогикалық кеңестер өткізіп жатыр. Педкеңес барысында педагогтерге оқыту ережелері мен кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары түсіндіріледі. Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшенетін болады.

Сондай-ақ педагогикалық кеңесте мұғалімдерге сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланады. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан шағын жинақты мектептерде күндізгі форматта оқытуды ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 2-11(12) сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: