Педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініш беру жалғастыруда. » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » Педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініш беру жалғастыруда.
25
ноябрь
2020

Педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініш беру жалғастыруда.


 КДСО МОН РК
🔸️ Педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініш беру жалғастыруда.

🔸️ Өтінішті ngt.testcenter.kz сілтеме арқылы беруге болады.
🔹️ Тестілеудің өзі «U-FUTURE» ЖШС өңірлік орталықтар базасында өткізілуде.
🔹️ Биылғы жылы Біліктілік тестілеуіне алғашқы рет білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, техникалық және кәсіптік, қосымша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады.

⠀⠀Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына сәйкес төмендегі педагогтер біліктілік санаттарына үміттене алады:
⠀⠀«педагог-модератор» - кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар;
⠀⠀«педагог-сарапшы» - кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар;
⠀⠀«педагог-зерттеуші» - кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар;
⠀⠀«педагог-шебер» - кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар.

⠀🔸️ Біліктілік санатты мерзімнен бұрын алу үшін көрсетілген бұйрықтың 45-тармағына сәйкес болу қажет.

🔹️ Біліктілік санатын беру рәсімінсіз төмендегі педагогтер өте алады:
⠀⠀«педагог-модератор» біліктілік санатына:
✔ жоғары оқу орнын «үздік» бітірген түлектер;
✔ CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің: ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл; француз тілі бойынша: DELF - С1; неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 меңгерген педагогтері
⠀ «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
⠀✔ «Болашақ» бағдарламасының, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдар;
⠀✔ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: