Управление Образования Г.Алматы » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » Управление Образования Г.Алматы
01
февраль
2021

Управление Образования Г.Алматы

Ағымдағы жылғы 29/01/2021 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов Алматы қаласының педагогикалық қауымдастығымен кездесті.



 
Карантин шараларын ескере отырып, Министрдің мектеп мұғалімдерімен және директорларымен кездесулері офлайн және онлайн режимде өткізілді. Кездесулер барысында білім саласының маңызды мақсаттары, сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін және сапасын арттыруға бағытталған алдағы жаңалықтар мен өзгерістер кеңінен талқыланды.
Министр көптеген өзекті мәселелер, атап айтқанда қашықтықтан және аралас оқыту, 9, 11 сынып оқушыларын алдағы қорытынды аттестаттау, жиынтық және қалыптастырушы бағалау, сонымен бірге педагог қызметкерлерді және ағымдағы жылы алғашқы рет директорлар мен олардың орынбасарларын аттестаттау туралы нақты ақпарат берді.
Министрмен кездесулер ашық диалог форматында өтіп, барлық қатысушылар сұрақтарына жауап алды және ұсыныстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: