Жиналыс онлайн » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
27
сентябрь
2020

Жиналыс онлайн




 Алматы қаласы Әуэзов ауданы Қ.А.Яссауи атындағы мектеп-гимназиясында 17.09.2020 «Қашықтықтан оқыту кезінде балаларға қалай көмектесуге болады?» атты жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс онлайн ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Жиналыс барысында әр сыныптың сынып жетекшілері оқушыларының және ата-аналарының хал-жағдайларын біліп, қазіргі ахуалдарымен таныс болды. Жиналыста ең бірінші болып сөз кезегін алған мектеп директоры Б.М.Ашимбаева сабақ өту барысында білім беру платформаларының оңтайлы және қиын тұстарын сұрап анықтады, қашықтық оқыту кезінде ақпараттық-технологиялық құралдармен балалардың 100% қамтылып отырғанынан хабардар болды. Келесі сөз кезегін алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Жумабеков ата-аналарға сабақ уақытысында балалардың 100% сабаққа қатысуы тиіс екенін, ал егер уақытылы қатыспаған жағдайда ата-аналардан сұралатынын қатаң түрде ескертті. Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдердің сабақ уақытысында этикет нормаларын сақтауды ескертті. Жиналыста ата-аналар мектеп мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту жұмыстары өз деңгейінде өтіп жатқанын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: