"Birgemiz: жас түлек - 2020" » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » "Birgemiz: жас түлек - 2020"
05
июнь
2020

"Birgemiz: жас түлек - 2020"

 3-4.06.2020 күні Алматы қаласы Әуезов ауданы Қ.А.Яссауи атындағы #123 мектеп-гимназиясында "Birgemiz: жас түлек - 2020" аттестат тапсыру салтанатты кеші болып өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы Нұргүл Тауқызы қатысып, жас түлектерге өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, "Алтын белгі" иегеріне арнайы аттестатын тапсырып, төсбелгісін табыс етті. Сонымен қоса, шара барысында сөз алған мектеп директоры Б.М.Ашимбаева өз сөзінде халықтың басына төнген нәубетті кезеңде табанды еңбек еткен ұстаздарға өз алғысын білдіріп, ата-аналарды балаларының мектеп бітіруімен құттықтады. Шара концерттік бағдарламалармен жалғасып, арты "Жас түлектер" аллеясына мектеп бітіруші түлектер "Халықтың есінде 1 жыл қалғың келсе, ас бер, ел есінде 100 жыл қалғың келсе, ағаш отырғыз"-, деген қағиданы ұран етіп ұстанып, көшеттер отырғызды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: