«Жас Ұлан» » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
05
декабрь
2019

«Жас Ұлан»

Жуырда Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 30 қараша күні Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.


 Еліміз егімендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 28 жыл болды. Осындай атаулы мерекемізге тұспа-тұс келіп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына мектеп-гимназияның 84 дарынды дарабоз оқушыларымыз қабылданды.
Салтанатты жиында мектеп-гимназия директоры Б.Ашимбаева құттықтау сөз сөйлеп, қабылданушы оқушыларды құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиын сәнді де, мәнді өткізіліп, ата-аналар мен оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: