Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы
22
апрель
2026

«OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы

Алматы қаласында OpenSchool жобасы аясында «Мектеп тәжірибесі: табысқа бастар жол» тақырыбында өткен бұл іс-шара білім беру саласындағы жас басшылар үшін маңызды кәсіби даму алаңына айналды. Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия базасында білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізді. Қатысушылар мектептің табысты басқарушылық тәжірибелерімен танысып, кейс-тапсырмалар мен рөлдік ойындарға қатысты, сондай-ақ мектепті басқарудың өзекті мәселелерін талқылады. Семинар тәжірибе алмасу, кәсіби диалог орнату және тиімді басқарушылық шешімдерді іздеу алаңына айналды.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаңа тәсілдер мен құралдарды меңгеріп, білім беру ұйымдарын дамытуға қатысты тың идеялармен бөлісті. Мұндай форматтағы кездесулер жас басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, заманауи мектепті тиімді басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DXb8u0aiAnn/?igsh=MXJzbXJ3MjYxd2VrMw==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: