Яссауи тағылымы: ХХІ ғасыр құндылықтары мен құзыреттіліктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында «Яссауи тағылымы: ХХІ ғасыр құндылықтары мен құзыреттіліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Аталған іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, Қожа Ахмет Яссауи мұрасының рухани-адамгершілік құндылықтарын қазіргі білім беру үдерісімен ұштастыруға бағытталды. Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары мен жас мамандар қатысты.
Конференция барысында ХХІ ғасыр дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру, тұлғаның рухани дамуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері қарастырылып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Қатысушылар баяндама жасап, пікір алмасып, заманауи білім беру жүйесіне қатысты ұсыныстарын білдірді.
- Рухани құндылықтар: Яссауидің «Диуани хикметіндегі» (Даналық кітабы) адамзатқа ортақ гуманистік идеялар, тәрбиелік мәні бар хикметтер.
- ХХІ ғасыр құзыреттіліктері: Өзгермелі әлемде бәсекеге қабілетті болу үшін рухани, әлеуметтік және кәсіби құзыреттерді ұштастыру.
- Тәрбие мен білім: Яссауи тағылымын қазіргі заманғы білім беру жүйесінде қолдану, жастарды рухани-адамгершілікке баулу.
