Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті
07
январь
2025

📚 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті

📚 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті

 

✔️ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы келесі оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді.

📖 Сараптамада 278 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал қаралды, оның 266-сы мақұлданып, пайдалануға ұсынылды. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Брайль шрифтімен және жазуы үлкейтілген оқулықтар әзірленді. 4-сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, орыс тілі және шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтар және ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған оқу құралдары бекітілді.

🗣️ «Пәндік сараптама комиссиясында тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар жұмыс істеді. Оқу әдебиеттерін бағалау әр басылымды сынақтан өткізу мен талдау нәтижелеріне негізделіп, ғылыми-педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілді. Бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім берудің заманауи талаптарына толық сәйкес келіп, оқушылардың табысты оқуына және болашақта қажетті маңызды дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған», – деп атап өтті министрліктің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

📌 Сондай-ақ айта кету керек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік құралдар алғаш рет кешенді сараптамадан өтті. Оқу-әдістемелік кешенге әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, оқулық, үлестірме және демонстрациялық материалдар мен альбомдар кіреді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: