Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сейсможаттығу: жедел әрекет пен жауапкершілік
14
апрель
2026

Сейсможаттығу: жедел әрекет пен жауапкершілік

 Жоғары буын оқушыларына арналған – жер сілкінісі жағдайында қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы сейсможаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында оқушыларға төтенше жағдай кезінде сабыр сақтау, жағдайды дұрыс бағалау және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жедел әрі ұйымдасқан түрде әрекет ету, өзара көмек көрсету және жауапкершілік таныту дағдыларына ерекше назар аударылды.
      Жауапты тұлғалар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Ә.Е., алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сайын А.Ж. және сынып жетекшілер.
     Жаттығу кезінде дабыл белгісі берілгеннен кейін оқушылар мұғалімдердің жетекшілігімен белгіленген эвакуациялық бағыттар арқылы тәртіппен шығып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, мектеп ауласына жиналды. Жиналу барысында оқушылардың түгелдігі тексеріліп, төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмдері тағы бір мәрте пысықталды.
     

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: