Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жер сілкінісі: қорықпаймыз, дайын боламыз!» атты сейсможаттығуы өтті
07
апрель
2026

«Жер сілкінісі: қорықпаймыз, дайын боламыз!» атты сейсможаттығуы өтті

    Бастауыш буын оқушыларына арналған – жер сілкінісі жағдайында қауіпсіз әрекет етуге үйрету мақсатында арнайы сейсможаттығу ұйымдастырылды. Бұл жаттығу барысында оқушыларға төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындау қажеттілігі түсіндіріледі. 
    Жауапты тұлғалар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Ә.Е. мен  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сайын А. Ж. және сынып жетекшілер.
   Жаттығу кезінде дабыл белгісі берілгеннен кейін оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен сыныптан тәртіппен шығып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, мектеп ауласына жиналады. Осы жерде олардың түгелдігі тексеріліп, қауіпсіз аймақта дұрыс орналасу ережелері түсіндіріледі.
Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының өмір қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету және ұжыммен үйлесімді әрекет етуге дағдыландыру.

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: