Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
13
апрель
2026

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының мазмұнын тереңірек түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ білім беру саласына қатысты маңызды өзгерістер мен басым бағыттар кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, құқықтық тақырыптағы сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: