«Алматы – таза қала» бағдарламасы
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өз қаласын таза ұстаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сынып сағаттары барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Табиғатты аялау әр адамның азаматтық міндеті екені атап өтілді. Оқушылар қаланың тазалығын сақтауда өз үлестерін қосу жолдарын талқылады. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу туралы мәліметтер берілді.