«Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық іс-шарасы
2026 жылғы 15 наурыз күні мектепте Қайырымдылық күні мерекесіне орай «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және 1–11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Шара барысында оқушылар қайырымдылықтың маңызы туралы әңгімелеп, шағын көріністер мен өлеңдер оқыды.