"Мектебім- мейірім мекені" 1-қыркүйек білім күні құтты болсын!!!
1 қыркүйек – Білім күні «Мектебім – мейірім мекені» 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Білімнің маңызы, мейірім мен ізгіліктің адам өміріндегі орны туралы тағылымды ойлар айтылды. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, мектеп туралы жылы лебіздерін білдірді. Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылының басталғаны жарияланды.