Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектебім- мейірім мекені" 1-қыркүйек білім күні құтты болсын!!!
01
сентябрь
2025

"Мектебім- мейірім мекені" 1-қыркүйек білім күні құтты болсын!!!

1 қыркүйек – Білім күні «Мектебім – мейірім мекені»


Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау, мектепті білім мен тәрбиенің, мейірім мен сыйластықтың ордасы ретінде таныту, оқушылардың бойында отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. 

Іс-шараның міндеттері:
– Білімге деген қызығушылықты арттыру;
– Мейірімділік, ізгілік, сыйластық құндылықтарын насихаттау;
– Оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
– Жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй сыйлау.

Іс-шараның мазмұны:
1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Білімнің маңызы, мейірім мен ізгіліктің адам өміріндегі орны туралы тағылымды ойлар айтылды. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, мектеп туралы жылы лебіздерін білдірді. Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылының басталғаны жарияланды.

Қорытынды:
Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектепті мейірім мен білімнің алтын ұясы ретінде қабылдауына ықпал етті. Жаңа оқу жылына сәттілік пен табыс тілей отырып, оқушылардың оқу-білімге деген ынтасы артты.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: