Алматы - біздің ортақ үйіміз
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп гимназиясында «Алматы – таза қала» тақырыбында 3–4 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында қала тазалығы туралы әңгімелер айтылды. Оқушыларға Алматы қаласының көрікті жерлері таныстырылды. Тазалық сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені айтылды. Қоршаған ортаны ластамау жолдары түсіндірілді. Қоқысты сұрыптап тастау туралы мәлімет берілді.