«Мамандық әлемінде»
https://www.instagram.com/p/C3SMpAgM15V/?img_index=2
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында, 2024 жылдың 13 ақпан күні мектеп психологы Абизова Мөлдір және әлеуметтік педагог Сүлеймен Ұлбаланың ұйымдастыруымен, 9 «В», 9 «Ғ», 9 «Д» сынып оқушыларымен «Мамандық әлемінде» тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған басқосуда оқушылар армандарымен бөлісіп, таңдау жасаған мамандық мұхитында жүзуге мүмкіндік алды.