❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » ❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
21
декабрь
2023

❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ

❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
🗓️Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.
☃️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.
📌Мектепішілік іс-шара жоспарына:
🔹ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
🔹«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;
🔹«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу;
🔹«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;
🔹«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
🔹Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
📁Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: