02
февраль
2024
«Менің мамандығым – менің болашағым»
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 23 қаңтар күні, мамандық таңдау еркіндігі жағдайында оқушыларға өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, көмек көрсету, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 7-8 сыныптарда «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.