Кездесу » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
11
февраль
2021

Кездесу

https://www.instagram.com/p/CLErMtjlWCL/

 «Ақыл- жастан, асыл- тастан» демекші біздің мектепте жас та болса, өнерлі, талантты оқушылар, спорт үйірмелеріне баратын оқушылар көп. Әсіресе, спорттық жарыстарға қатысатын оқушылар біздің мектептен аудан, қала, тіпті халықаралық көлемдік жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие. Біз Сондай оқушылармен мақтанамыз. Оларды жас буындарға көрсетіп, үлгі тұту біздің парызымыз. Республикалық көлемінде, қалааралық сайыстарға қатысып жүлделі орындарды алған 6- сынып оқушысы Сұлтанбеков Абылай 4-сынып оқушыларына өзінің ағалық ақылын айтып, оқушылармен онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесуді денешынықтыру пәні мұғалімі Сауданбекова Жалғас Бектасқызы, 4-сыныптар арасында өткізді. «Жүзден жүйрік озар» жас спортшылармен онлайн кездесудің Мақсаты: ерте жастан чемпион болуға болатынын, ерте жастан спортқа баулу керектігін, спорттық жарыстарға қорықпай қатысу. Мысалы, онлайн кездесудің бас қонағы «Кукеншенхай» каратэ чемпион спортшысы Сұлтанбеков Абылай болды. Абылай 5 жасынан бастап каратемен айналысып қазіргі таңда чемпион атағын алуда. Жас спортшы күніне 1.5 сағат спортпен айналысады. Таза ауада серуендейді, бұл бірінші кезекте денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан да, Абылай оқушыларға спортпен шұғылдануға кеңес беріп, қалай чемпион болғанын, басынан өткен қызық оқиғаларды айтып бөлісті. Жас буын оқушылары спортқа деген қызығушылықтары одан сайын артты деп айта аламыз. Ал осы кездесуді өткізген денешынықтыру пәні мұғалімі Сауданбекова Жалғас Бектасқызына алғыс білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: