М.Мақатаев туылған күніне орай мектебімізде ұйымдастырылған кітап көрмесі » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » М.Мақатаев туылған күніне орай мектебімізде ұйымдастырылған кітап көрмесі
10
февраль
2021

М.Мақатаев туылған күніне орай мектебімізде ұйымдастырылған кітап көрмесі

 https://www.instagram.com/p/CLEb9i3pYvX/

М.Мақатаев туылған күніне орай мектебімізде ұйымдастырылған кітап көрмесі

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Мектеп кітапханасы –кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне ,саяси сапасын қалыптастырып,ғылыми,мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын.Кітапханаға келіп,қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады.Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формаларымен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,жан-жақты дамыту болып табылады.
Осы орайда кітапханамыздың жаңаша форматта : Онлайн форматта ақиық ақынның туған күніне орай жасалған онлайн көрмесі өтті. Бұл онлайн көрмеде біздің кітапханамызда ақынның өлеңдер жинағы, «Мұқағали» журналы, естеліктері, жазбалары көрсетілді. Сонымен қатар, біздің мектептің талантты оқушылары : 11 «Ә»сынып оқушысы Жалладин Әбдірәсіл, 11 «Ә»сынып оқушысы Әзімжан Ақниет, 5 «З» сынып оқушысы Қазбекова Амина, 5 «Д» сынып оқушысы Балтабай Ерғанат ақынның өлеңдерін жатқа айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: