Талпынған жетер мұратқа ... » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» Талпынған жетер мұратқа ...
09
декабрь
2019

Талпынған жетер мұратқа ...

Управление Образования Г.Алматы
4 декабря в 16:18
Талпынған жетер мұратқа ...

2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.
Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта табысты дамуының кепілі болмақ», - деді. Әкім өздерінің жеңістерімен Алматы қаласының білім деңгейін жоғары көтеріп, дәлелдеген дарынды балаларды тәрбиелеп, білім берген ата-аналар мен педагогикалық ұжымға өзінің ризашылығын білдірді.
Оқушылар Алматы қаласында дарынды балаларға қолдау көрсету бойынша Елбасы «Ел үміті» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының бастамасын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалынып жатқандығына шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар оқушылар дарынды балалармен атқарылатын жұмыстардың мазмұнын жақсарту бойынша өз ойларын да ортаға салды. №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Сәрсенғалиев Роман республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына арналған «Алматы дарыны» атты арнайы төсбелгі тағайындау мәселесін қарастыруды ұсынды. №178 лицейдің 11-сынып оқушысы Молдабаева Саяжан төсбелгінің эскизін оқушылар әзірлеуін ұсынса, осы лицейдің оқушысы Фазылова Аружан оқу жылының соңында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қала әкімінің арнайы марапаттауын ұсынды.
Кездесу соңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына құнды сыйлық - планшет тапсырды. Әкім сөзінің соңында әкімшіліктің жоспарында балалардың барлық ұсыныстары ескерілетінін айта келе: «Біз сендермен мақтанамыз! Сендердің жетістіктерің – қаламыздың жетістігі!», - деп аяқтады.
-----------------------------------------------------------------------------------

4 декабря 2019 года в зале заседаний акимата состоялась встреча Акима города Алматы Бакытжана Абдировича Сагинтаева с учащимися организаций образования, победителями республиканских олимпиад по общеобразовательным предметам и конкурсов.
В ходе встречи Аким Бакытжан Сагинтаев обратился к одаренной молодежи нашего города со словами поддержки, пожелал собравшимся творческих озарений и новых свершений в учебе, труде, служении Родине. «Ваши сегодняшние достижения в будущем станут залогом успешного развития нашей страны», - сказал Аким участникам встречи. Особую признательность Аким выразил в адрес родителей и педагогических коллективов, воспитавших и подготовивших одаренных учеников, которые своими победами подтвердили высокий уровень образования города Алматы.
В ответном слове учащихся прозвучали слова искренней признательности за предпринимаемые в Алматы конкретные шаги по реализации инициативы Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Ел Yмiтi» по поддержке одаренных детей. Также учащиеся школ представили свое видение содержания работы с одаренными детьми. Ученик 11 класса специализированного лицея №165 Сарсенгалиев Роман предложил рассмотреть вопрос об учреждении специального нагрудного знака отличия для победителей республиканских и международных и международных олимпиад «Алматы дарыны», ученица 11 класса лицея №178 Молдабаева Саяжан выдвинула инициативу разработки эскиза знака силами самих одаренных детей, ученица этого же лицея Фазылова Аружан внесла предложение практиковать официальное награждение победителей республиканских и международных олимпиад Акимом города в конце учебного года.
В завершение встречи Аким города Алматы Бакытжан Сагинтаев вручил победителям республиканских олимпиад по общеобразовательным предметам и конкурсов ценные призы – планшеты и заверил, что все предложения детей будут учтены в плане работы Акимата. «Мы искренне гордимся вами. Ваш успех – это вклад в достижения нашего города!».

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: