«Үздік мектеп кітапханашысы 2021» » Школа-гимназия 123
Приемная:
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
Версия
для слабовидящих
» » «Үздік мектеп кітапханашысы 2021»
02
февраль
2021

«Үздік мектеп кітапханашысы 2021»


 Білім беру мекемелері кітапханаларының жұмысындағы тиімді және инновациялық тәжірибені тарату, кітапхана қызметінің беделін арттыру мақсатында Алматы қаласы білім Басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2021 жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Үздік мектеп кітапханашысы 2021» байқауын өткізеді.
Байқау кәсіби қоғамдастық шеңберінде табысты тәжірибе алмасуға белсенді және шығармашыл кітапханашыларға бағытталған.
📘«Үздік мектеп кітапханашысы 2021» байқауының кезеңдері:
- 10 ақпанға дейін - аудандық кезеңін өткізу.
- 12 ақпанға дейін–қалалық кезеңге сұраныс қабылдау (әр ауданнан 3 қатысушы).
- 15 ақпанда - қалалық кезеңін өткізу.
📘«Үздік мектеп кітапханашысы 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы білім Басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: