"Ұлттық тарих күні"
«Ұлттық тарих күні» республикалық тарихи зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды!
Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының оқушылары «Ұлттық тарих күні» республикалық тарихи зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, 9 «Г» сынып оқушылары Жарқынбек Сезімжан, Думан Сабина, Алимбай Інжу І дәрежелі дипломмен марапатталып, маусым айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар, байқаудың «Деректі фильм» номинациясы бойынша 9 «Г» сынып оқушылары Абубакир Айым мен Темирова Нұрлы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушылардың ғылыми жетекшісі — Азербаева Айнаш Тлеугазыновна.
лардың ғылыми жетекшісі — Азербаева Айнаш Тлеугазыновна.