10
май
2022
"Алматы дарыны"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық сайыста II дәрежелі диплом иегері атанған 11 сынып оқушысы Сарсенбаева Аружанды құттықтаймыз! Болашақ түлек Аружанға қанатың талмай, биіктерден көрініп, таңдаған мамандығыңның мықты маманы бол деп тілек білдереміз!