1 қыркүйек — жаңа оқу жыл
Askhat Aimagambetov Құрметті ұстаздар, оқытушылар, оқушылар, студенттер және ата-аналар! Сіздерді 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білім беру ұйымдарында оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады. Балалар өз мектептерін, достары мен сыныптастарын, ал мұғалімдеріміз оқушыларын сағынды. Барлығы мектептердің ашылуын асыға күтті. Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің