Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Ұлы ағартушы ізімен»

  Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасын ұлықтау мақсатында №123 мектеп-гимназиясы базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы ағартушы ізімен» атты қалалық педагогикалық шеберлік алаңы аясында тағылымды басқосу болып өтті. Осынау ауқымды іс-шарада ұстаз Ералиева Бекзат Мажитовна  «Саналы ұрпақ алаңы секциясы, «Ыбырай салған соқпақ: Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың алтын арқауы» тақырыбында мазмұнды баяндама оқып, ұлы ағартушының тәлім-тәрбиелік идеяларын бүгінгі заманауи білім беру кеңістігіне, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына тиімді интеграциялау жолдарын ортаға салды. Бекзат Мажитовна Ыбырай мұрасын жай ғана тарих қойнауындағы жәдігер емес, бүгінгі ұрпақтың бойына ұлттық кодты сіңіретін тірі ағыс, рухани темірқазық ретінде көрсете отырып, ана тілінің асыл уызымен сусындаған, рухы биік әрі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың, сондай-ақ тәлімгерлік жұмысты жаңа сатыға көтерудің озық әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бұл іс-шара тек кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, қатысушылардың жүрегіне рухани сәуле шашып, ұстаздық кәсіптің киелілігін тағы бір мәрте ұғындырған ерекше сәт ретінде тарихқа енді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: