Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДосболLIKE»: Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
13
март
2026

«ДосболLIKE»: Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

«ДосболLIKE»: Балалар қауіпсіздігі – басты назарда! 
Мектептегі буллингтің алдын алу және балалар үшін қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта «Өркен» институты педагогтарға арналған өңірлік вебинарлар сериясын ұйымдастыруда. 
 Вебинар тақырыбы: «Баланың тұлғалық дамуы үшін қолдаушы білім беру ортасын қалыптастырудағы “ДосболLIKE” бағдарламасы мен жеке қауіпсіздік сабақтарының рөлі»
Аталған вебинарға Әуезов ауданындағы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп- гимназиясындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Әсет Есенгелдіұлы қатысып, бағдарламаның маңыздылығымен танысты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – әрбір бала өзін мектепте қауіпсіз, жайлы және қолдауды сезінетін орта қалыптастыру. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық жайлылығы – біздің басты құндылығымыз. 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: