Мектепішілік олипиада басталды
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында мектепішілік пәндік олимпиадалар өткізілді.
Олимпиадаға – жоғары сынып оқушылары қатысты. Байқау қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, физика, химия, биология және басқа да пәндер бойынша ұйымдастырылды.
Олимпиада тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, теориялық білімін және шығармашылық ізденісін дамытуға бағытталды. Іс-шара белгіленген ережелерге сай, әділқазылар алқасының бақылауымен өткізілді.
Қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Жеңімпаздар қалалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ұсынылды.
Мектепішілік пәндік олимпиадалар оқушылардың білім сапасын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.