28
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар - болашақ негізі
9-сынып арасында өткен экскурсия
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты ҚазАДИ— Алматыдағы автожол, көлік және құрылыс саласына мамандар даярлайтын мамандандырылған техникалық университет. Мұнда жолдар мен аэродромдар құрылысы, құрылыс, көлік техникасы және жол қозғалысын ұйымдастыру сияқты инженерлік мамандықтар оқытылады. Практикалық база жақсы дамыған, түлектері салада жоғары сұранысқа ие. Институт студенттерге заманауи зертханаларда тәжірибе жасау мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, көптеген өндірістік ұйымдармен серіктестік орнатқан.
Мақсаты:ҚазАДИ-дің негізгі мақсаты – автожол, көлік және құрылыс саласына жоғары білікті, практикалық және теориялық дайындыққа ие мамандар даярлау, заманауи технологияларды енгізу арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде инженерлік кадрларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт зерттеу және инновациялық қызметтерді дамытып, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.