13
ноябрь
2025
Оқуға құштар мектеп
Мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ««Бала деп соққан бауырмал жүрек» » атты челлендж өтті. Аталған челленджге мектебіміздің 3 «Г» сынып оқушылары қатысып, Абайдың «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл — үлкен тәжірибе. Оқушылар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханаға саяхат жасап, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Балалар кітапхана қорын пайдалануды үйреніп, кітап әлеміне жақындай түсті. Бүгінде балалардың кітап оқуға деген қызығушылығының жоқтығы — түйткілді мәселенің бірі. Кітап оқу — сауаттылықтың көзі. Рухани кемелдену заманында әр адам үнемі ізденісте болып, кітап оқуға тиіс. Алдағы уақытта да кітапханалармен бірлескен іс-шаралар жалғасын таба бермек.