12
ноябрь
2024
«Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құру керек» атты тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
2024 жылдың 12 қараша күні, «ДосболЛайк» акциясы аясында, 9-11 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құру керек» атты тақырыбында эссе байқауы өткізілді.9-11 сыныптар арасында жазған шығармалары өз деңгейлеріне сай бағаланды. Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, еңбектеріне қолдау көрсету мақсатында жазған жұмыстарын тексеріп үздік жазылған эсселерге номинациялар беріліп, марапаттау шарасы өтті. Марапатауға Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гиназия директоры Ашимбаева Б.М. балаларға сәттілік тілеп жақсы ықылас-лебізін білдіріп ашып берді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова А.Н. балаларды марапатап өз құттықтауын білдірді.