Волейбол
Волейболдың адам денсаулығына пайдасы зор:денсаулықты жақсартады,өкпенің дұрыс тыныс алуына көмектеседі,бұлшық еттерді қатайтады,қимыл әрекетте тез ойлауға көмектеседі,ми қызметін реттеуге көмектеседі,мінез-құлықты реттеуге көмектеседі,топ мүшелерімен жақсы қарым қатынас орнатуға, психологиялық ахуал туғызуға көмектеседі.
Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Мектебіміздегі волейбол секциясының жетекшісі «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» Қайрат Айдос. Секцияға 35 оқушы қатысады.
2020-2021 оқу жылындағы Алматы қаласының чемпиондары. Талдықорған қаласындағы Республикалық мектеп лигасының қатысушылары.
@edu.almaty @almaty_mektepteri
#яссауиізбасарлары

