Экскурсия
Тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбек Оразбайұлының жетекшілігімен 8 "Е" сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың Ораз Жандосов атындағы оқу залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында белгілі жазушы-болашақгер, Қазақстандағы сериялық ғылыми-болашақ романдардың тұңғыш авторы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби сыйлығының және Халықаралық "Байқоңыр" сыйлығының лауреаты Жүніс Сақұрпағымен (Сахиевпен) кедесіп қайтты. Ол жерде Ж.Сақұрпағының өмірі мен шығармашылығына арналған "Ғылым болашағының жазушысы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылық туындыларына байланысты мәліметтерді жазушының өз аузынан есітіп, куәсі болды. Сондай-ақ, оқушылар ұлттық кітапхана залдарымен танысып, Қазақстан Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың және көрнекті қазақстандық жазушы Бельгер Герольд Карловичтің мемориалдық кабинеттерімен танысты.
@edu.almaty @almaty_mektepteri
#яссауиізбасарлары


