21
октябрь
2020
Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған
Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 75% құраған болатын.
💬«Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камерелары барлық талаптарға сай болуы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.
99% казахстанских школ оснащены системами видеонаблюдения. В 2018 году оснащенность составляла всего 75%.