Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » С Днём учителя! ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтауы
03
октябрь
2020

С Днём учителя! ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтауы

 

Қымбатты әріптестер!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген мұғалімдерсіз мемлекеттің жарқын болашағын елестету қиын.
Себебі экономиканың, мәдениет пен тұтастай қоғамның дамуы сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесіне тікелей байланысты.
Ұстаз болу – жүректің таңдауы, жанның қалауы. Бұл жұмыс асқан жанкештілік, зор шыдамдылық пен балаларға деген махаббатты талап етеді.
Еліміздің бетке ұстар азаматтарын тәрбиелеп, жауапкершілігі мол және абыройлы міндетті атқарып жүрсіздер. Оқушыларыңыздың жеңістеріне қуанып, сәтсіздіктеріне бірге қынжыласыздар, қиналған шақтарында қолдау көрсетесіздер.
Мемлекетіміз әрбір ұстаздың еліміздің дамуына қосып отырған үлесін аса жоғары бағалайды. Оның бірден бір дәлелі – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы.
Осы Заңның қабылдануы, шын мәнінде, еліміз үшін аса маңызды болды, сондықтан Мемлекет басшысының ұстаздар қауымына көрсеткен қолдауы үшін алғысымыз шексіз.
Заңда мұғалімдердің тек әлеуметтік кепілдіктері ғана емес, сонымен қатар құқықтары мен міндеттері де ресми түрде бекітілген.
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымы артық есептілік пен қызметіне жатпайтын функциялардан заң жүзінде босатылды. Заңдағы нормалардың мүлтіксіз іске асырылуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Сондай-ақ мұғалімдердің жалақысы да айтарлықтай артты. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін төленетін қосымша ақының мөлшері де екі есе өсті. Педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін төленетін қосымша ақы да лауазымдық жалақысының 30-50%-ы мөлшерінде белгіленіп отыр. Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге ай сайын 27 мың көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Алғаш рет білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарларына да басқарушылық шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30-дан 100 %-ға дейін қосымша ақы бекітілді.
Бұдан бөлек, Заңда мұғалімдердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жүктемелерінің азаюы және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары нақты көрсетілген.
Бала зор ықыласпен білім алып, жан-жақты дамуы керек. Біз балаларымыздың мектеп парталарына қайта оралуын қалаймыз.
Мұғалім мамандығында уақыт талабынан қорықпайтын, өз шәкірттеріне үлгі бола білетін адамдар ғана жұмыс істейді.
Коронавирус пандемиясы уақыттың сын-қатеріне ілесіп қана қоймай, осындай кезеңде көшбасшылық қасиетке ие болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осынау күрделі кезең мұғалімдердің қоғамдағы рөлі мен маңызын тағы бір айқындап берді.
Баршаңызға осы қиын міндетті абыроймен атқарып жатқандарыңыз үшін және қолдау білдіріп отырғандарыңыз үшін алғыс айтамын.
Біз мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға, осы мамандыққа ең лайықты түлектерді тартуға бағытталған жұмысымызды одан әрі жалғастыратын боламыз.
Мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, шығармашылық табыстар тілеймін! Жақындарыңыздың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіздер!

Дорогие коллеги!
Поздравляю вас с Днём учителя!
Без высокоинтеллектуального, авторитетного и уважаемого обществом учителя невозможно представить будущее успешного государства.
Хорошие результаты в экономике, культуре и любой другой сфере напрямую связаны с работой учителя.
Мы всегда ценили наших учителей, их труд – это особое предназначение, это призвание, это состояние души, и это работа, которая требует полной самоотдачи и любви к детям.
Ежедневно вы выполняете ответственную и благородную миссию – воспитываете достойных граждан своей страны.
Каждый день вы радуетесь их победам, переживаете, когда они испытывают неудачи, поддерживаете в трудное для них время.
Наша страна ценит вклад каждого учителя в развитие образования, и подтверждением этому является принятый закон «О статусе педагога».
Это важное событие для всей страны, и мы благодарны Главе государства за ту поддержку, которую он оказывает.
Значимость принятого закона не только в том, что он определяет социальные гарантии учительского корпуса, в первую очередь, важно то, что в нем официально закреплены права и обязанности учителей.
Педагоги уже нормативно освобождены от излишней отчетности и выполнения не свойственных им функций. И мы будем обеспечивать неукоснительное соблюдение этих положений.
Значительно повышена заработная плата учителей. В два раза увеличились доплаты за классное руководство и проверку тетрадей. Доплата за квалификацию педагогического мастерства установлена в размере от 30 до 50% от должностного оклада. Предусмотрена ежемесячная доплата в размере 27 тыс. тенге для лиц, имеющих степень магистра.
Впервые установлена доплата для директоров организаций образования и их заместителей за управленческое мастерство в размере от 30 до 100% от должностного оклада.
Помимо этого, в законе четко прописано рабочее время и время отдыха учителей, сокращение нагрузки и другие меры соцподдержки.
Ребенок должен с удовольствием получать знания и всестороннее развитие.
Мы хотим, чтобы все дети скорее вернулись за парты. Уверен, все эти временные неудобства скоро закончатся.
В нашей профессии работают люди, которые не боятся экспериментов и вызовов времени.
Достойно приняв вызов пандемии, они сделали современные технологии своими союзниками и помощниками в образовательном процессе.
Все без исключения учителя проявили небывалое лидерство, продемонстрировав способность брать на себя ответственность и вести за собой коллег.
И я благодарен вам всем за то, что вы отлично справляетесь с этой нелегкой задачей, поддерживаете нас.
В этот день я всегда вспоминаю своих первых учителей, звоню им, чтобы передать свои пожелания и ещё раз поблагодарить за все.
Сегодня хороший повод это сделать, призываю всех неравнодушных поддержать этот посыл.
Мы будем продолжать работу, направленную на защиту прав и интересов педагогов, на расширение социальных гарантий, привлечение к этой профессии самых достойных выпускников.
В этот праздничный день я хочу пожелать всем вам здоровья, благополучия и терпения, уважения окружающих, внутренней гармонии и мудрости!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: