Алматы қаласы Білім басқармасының
Кожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-55-70
Бухгалтерия
+7(727) 230-57-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай”
25
февраль
2025

“Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай”

https://www.instagram.com/p/DFNd5wHMJQh/

Бүгін, 24 қаңтар 2025 жылы ұлтымыздың данасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырып, “Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай” тақырыбына Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің “Хәкім Абай” орталығының директоры, философия ғылымдар кандидаты, абайтанушы Шойынбет Жамал Алшынбекұлымен кездесу өтіп, “Человек, изучивший культуру и язык другого народа, становится с ним равноправным” тақырыбына өткен орыс тілі мен әдебиет бірлестігінің онкүндігін қорытындыладық. Кездесудің басты мақсаты: жас ұрпаққа ұлы ақынның тағылымды жолын үлгі-өнеге ретінде дәріптеу, Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттай отырып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Осы мақсатқа жету үшін ОРЫС ТІЛІ БІРЛЕСТІГІ әр сыныптың оқушыларын қатыстыра отырып Хәкім Абайдың қара сөзіне, табиғат лирикасына, әндеріне тоқтала келе, қонағымыздан Абайдың даналығына тағы бір көз жеткіздік. Ұлы Абай атамыздың барлық туындысының философиялық тұрғыда қалай түсінуге болатынына назар аударып, біз білмеген тың мағлұматтармен сусындадық. Кездесуге жіберген уақытымыздың мән-мағынасының терең ой қозғайтындай болғанына қуаныштымыз. Кешімізді әсерлеп, әрлеп, көркін кіргізген көрменге үлкен рахмет. Орыс тілі бірлестігі.
 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: