1 - сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
Қ.А.Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназиясына 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тәртібіне сәйкес 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз. Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету өтінімдері https://oqu.edu.kz/ веб-порталы арқылы қабылданады.
Мектептің қызмет көрсету аумағына келесі мекенжайлар бекітілген:
• Ақсай-3А шағын ауданы;
• Ақсай-3Б шағын ауданы;
• Алтын бесік шағын ауданы.
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет:
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі;
- Медициналық құжаттар:
- №065/е нысанындағы «Иммундау паспорты»;
- №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы паспорты»;
- Баланың көлемі 3×4 см фотосуреті.
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер, белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, балаларыңызды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруларыңызды сұраймыз.
Құрметпен: мектеп әкімшілігі

Посмотреть онлайн файл: abyldau-2026-2027-ou-zhyly.docx